Ресейлік инженер сымсыз теледидар ойлап тапты. Жоба толық инновациялық болып есептеледі. Оны Reasonance ғылыми-зерттеу компаниясының инженерлері CES 2021 көрмесінде теледидармен таныстырды. Теледидарға сым жалғаудың қажеті жоқ. Жалпы қазір әлемде теледидардың қалыңдығы жұқарып келеді. Ал диагоналы керісінше үлкейе түсуде. Жаңа өнімге телевизия сигналын Wi-Fi модуль арқылы беріп, тек электрқуатын сыммен қосу қажет.

Ресейлік инженерлер ұсынған жаңашылдық толыққанды автономды теледидар жасауға сеп болады. Тіпті электр қуатына сымның қажеттілігі болмай қалады. Reasonance теледидарындағы негізгі қағида – магнит өрісімен жұмыс істейді. Жүйенің тиімділігі 90 пайыз шамасында. Тек сигнал не қуат таратқыштың теледидармен арасы 1 метрден аспау қажет. Жоба авторлары мұндай жаңашылдық өнім бағасына еш әсер етпейді дейді. Тек қондырғының корпусына орнатылатын катушка қалыңдықты ұлғайтады. Қазір Reasonance технологиясы патент рәсімдеу кезеңінде. Сол арқылы жоба жетекшілері лицензияға қол жеткізіп, өнертабысынан біршама  пайда көреді.