Қорқыт ата атындағы Қызылорда уни­­версите­тінде түлектер қауымдасты­ғының кезекті жиыны өтті. Басқосуға әр жылдары білім алған түлектер, универ­ситет басшылығы мен профессор-оқы­тушылар жиналды. Қатысушылар 2023-2025 жыл­ға арналған университеттің стра­тегиялық да­му жоспарын талқы­ла­ды.
Жиында басқарма төрағасы-ректор Бейбіткүл Сәр­­семханқызы оқу орнының материалдық-техника­лық базасын нығайту мен дамытуға үлес қосып жүр­ген түлектерге алғыс білдірді.
«Жиынға әр салада жемісті еңбек етіп жүрген түлек­теріміз жиналды. Осы сәтті пайдалана отырып, 85 жылдық мерейтойда қолдау көрсеткен Асқар Махамбетов, Анар Ізден, Ділмұхамед Абызов, Мұхит Төребаев бастаған түлектерге алғыс біл­ді­ремін. Сондай-ақ, сіздердің араларыңызда «Бола­шақ» халықаралық стипендиясының иегерлері Серік Жайырбаев, Ақбота Мамадияр бар. Біз әрдайым түлектердің жетістіктерімен мақтанамыз», – деді Б.Кәрімова.
Кездесу барысында «Best-servis LTD» ЖШС бас директоры Асқар Махамбетов атқарылған жұмыс­тарға оң баға беріп, сұранысқа ие сапалы кадр даярлауда өз ұсынысын білдірді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!