Фото: Пресс-служба МЧС Казахстана

Sputnik. Астананың Сарыарқа ауданында шина қоймасынан өрт шықты, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

«Қоймадағы резеңке бұйымдар өртенді», – делінген хабарламада.

Өрт аумағы шамамен 1000 шаршы метрді құрады.

«Резеңке бұйымдардың жоғары температурада жануы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатуда.

Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамның 61 адамы және 15-ке жуық техникасы қатысып жатыр.

Сағат 01:34-тегі мәлімет бойынша өрт сөндірушілер 500 ш.м. алаңдағы өртті оқшаулады.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!