Фото: polisia.kz

Ұлытау полицейлері облыс аумағында 16 шетел азаматының заңсыз еңбектенгенін анықтап, бұл заң бұзушылықтарды тоқтатты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Облыс аумағында заңсыз жұмыс жасаған шетелдіктердің ішінде Өзбекстан Республикасының жеті азаматы және Тәжікстанның тоғыз азаматы бар. Бұл шетелдіктердің Сәтбаев қаласында тиісті рұқсатсыз және құжатсыз болғаны және жұмыс істегені анықталды. 

Шетелдіктер ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзып, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот қаулысымен шығарылған талапты орындамай, Сәтбаев қаласында заңсыз жұмыс істеген. Одан бөлек, Тәжікстанның екі азаматы Алматы қаласының соты шығарған қаулының талаптарын орындамай, жауапкершіліктен жалтарғаны анықталды, – дейді ІІМ. 

Polisia.kz мәліметінше, шетелдік азаматтарды заңсыз еңбек қызметіне тартқан жұмыс берушілер де заңнамаға сәйкес жауапқа тартылды. Барлық шетел азаматы ел аумағынан мәжбүрлеп шығарылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!