Іле ауданы Байкент ауылдық округіндегі Ворошилов су қоймасының бөгеті бұзылды. Бұл туралы KAZINFORM ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Алматы облысының әкімдігі қазір жағдай тұрақты екенін хабарлады. Оқиға орнына ТЖД бастығы мен облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев келді.

«Қазіргі уақытта жақын елді мекендерді су басу қаупін нақтылау жұмыстары жүргізілуде. Су Жармұхамет өзенінің негізгі арнасымен және ары қарай тоғандармен кетеді. Онда транзиттік режимде суды ағызу үшін барлық шлюздер ашық тұр. Қауіп төніп тұрған жоқ», – деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!