Фото: Еламан Турысбеков / Kazinform

Алматыда кешкі уақытта жел күшейіп, шаңды дауыл тұрды. Салдарынан қалада шаң мен құмды көтерді. Бұл туралы KAZINFORM ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматылықтар шаңды дауылды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде таратты.

Еске салсақ, Қазгидромет елдің оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл, батыста, солтүстік — батыста, солтүстігінде көктайғақ күтілетінін хабарлады. 

Сондай-ақ Алматы облысының ТЖД Қазгидрометтің дауылды ескертуі негізінде 29 наурызда түнде оңтүстікте, Алматы облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтілетінін мәлім етті.

«Оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында тұман түседі. Солтүстіктен, облыстың оңтүстігінде батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с», — деп хабарлады Алматы облысы ТЖД-ның баспасөз қызметі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!