Ақтаудағы тұрғындар көпқабатты үйлердің ауласында ветеринарлық қызметкерлер балалардың көзінше иттерді атып кетті деп шу шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

lada.kz

Оқиға Ақтау қаласындағы 4-шағын аудандағы №31 үйдің ауласында тапа-тал түсте болған. Жергілікті тұрғындар ветеринарлық қызметкерлердің итті балалардың көз алдында атып тастағанына наразы. 

Қаңғыбас мысықтар мен иттерді аулау, зарарсыздандыру, вакцинациялаумен айналысатын «IP Abdol» серіктестігі үй тұрғынынан шағым түскенін айтты.

“Әйел адам дәлізде бұралқы ит кезіп жүргенін және пәтерінен шыға алмай, қорқып тұрғанын айтты. Мамандар оқиға орнына барып, 4-қабаттағы пәтердің алдында ешбір куәгерсіз итті тыныштандырды”, – деп мәлімдеді компания.

Итті сыртқа шығарғаннан кейін бірінші қабаттағы тұрғындар жинала бастаған.  Балалар да ойда жоқта жинала қалды. Оны көрген үй тұрғындары шу шығара бастаған.

“Тұрғындарға итті атпағанын, керісінше, тыныштандырып, базаға жеткізілгенін түсіндірдік. Кейінірек микрочип жасап, кастрация процесін жүргіземіз. Үш күннен кейін итті еркіне жібереміз”, – деп түсініктеме берді компания.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!