Бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеу жасады.

Мемлекет басшысы өз Үндеуінде жағдай жіті бақылауда екендігін айтты. Бүгінде құтқару қызметі үздіксіз жүріп, елге гуманитарлы және басқа да көмек көрсетілуде. Мемлекет келтірілген залалдардың барлық шығыны өтелетінін, осы апатқа байланысты тиісті шара қабылдайтынын баяндап өтті.

Президенттің Үндеуіне сәйкес ақпарат айдынында беделі бар азаматтар осы бір сәттерде халыққа барынша қолдау беріп, билік пен қоғамды бір арнаға тоғыстыруға атсалысу керек деп білемін. Еліміздің көгіне төнген қара бұлт тез сейіліп, жұртымыз аманшылықта болсын деп тілеймін!

Медет ЖОРАБЕК,
“Qosyl” қалалық жастар орталығы директорының міндетін атқарушы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!