Фото: видеодан кадр
Алматыдағы караоке-барда жаппай төбелеске қатысып, 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған белгілі актер Асқар Жұмабек бостандыққа шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Өнер иесі досына араша түсемін деп түрмеге түскен болатын.
Алла ұлық! Алла ғажайып беруші. Алла – жалғыз. Сүйінші қазақ елі, менің жанашырларым, көрермендерім! Мен орталарыңызға қайта оралдым!, – деп жазды актер.
Айта кетейік, оқиға өткен жылдың қыркүйек айында болған. Алматыдағы караоке-барлардың бірінде төбелес шыққан. Асқар Жұмабек және қасындағыларға олигарх Бахаридин Әбіләзімов пен Дінмұхамет Ыдырысовтың ұлдарымен төбелескеніне байланысты айып тағылып, сотталған болатын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!