«Қызылорда ОПД ЕҚКІБ

тарапынан жарияланған сайысына»

Біз өте керемет ғаламда өмір сүріп жатырмыз. Денсаулығымыз өте мықты, жанымыз сау. Бірақ кейбір адамдар үшін «денсаулық» сөзі маңызды емес. Неге және қалай екенін білесің бе? Мен ең алғаш есірткі сөзін естігенде, ол туралы мәлімет іздегенім есімде. Қазіргі таңда «есірткінің» түрлері көп және бұл зұлым зат жолындағы жас-кәріні аямай өмірлерін талқандауда. Ол- адамға жақсылық емес жамандық, қуаныш емес қайғы әкелетін у. Есірткіге адамның тәуелді болып қалатыны сонша, тіпті бұл затты қабылдамаса басы ауырып, өзін жайсыз сезініп, ашуға беріледі. Және сол зиянды затқа жету үшін ешнәрседен аянбайды, жақындарын өлімге апаруы не өзі өлімге дейін баратыны анық. Ал енді бұл адам қызығарлықтай нәрсе екен?

Бұл есірткі өзімен бірге әлі болашағы алда тұрған жас балаларды да торына түсіріп, құрдымға алып кетіп жатыр. Есірткі қолданатын адамды нашақор деп атайды. Ал нашақорлардың саны өкінішке орай, жылдан жылға артпаса, азаятын емес. Есірткі әлемді жаулап бара жатыр. Ал бұл жағдайға жасөспірім, жастар көп ұшырап жатады. Алайда, өзін қолға алған адамдар есін жиып, арнайы емделу орталықтарынан емделіп шығып жатқаны да бар. Мұндай әрекеттер орын алмас үшін не істеуіміз керек?

Ең алдымен, ата-аналар балаларына көп көңіл бөлуі керек. Кейбір ата-аналар жұмыс басты, қолдары тимейді. Бала әрқашан отбасында өзінің ең маңызды екенін сезінгісі келеді. Сондықтан да қанша жерден жұмыс болсын, ақша болсын, баланың аман-есен болғаны маңызды деп ойлаймын.

Екіншіден, бұл есірткіні кімдер, қай жерде сатады және не үшін сатады? Халықтың болашағын құрту үшін бе? Әлде көздегендері тек ақша болғаны ма? Оның артында қаншама қираған тағдыр, қаншама қылмыс, көз жас жатыр десеңші… Міне, осы есірткі сататын адамдарды анықтап, олардың қоймаларын мәңгіге жою керек. Есірткінің ерекшелігі сол, адам оның бір-ақ рет дәмін татқаннан кейін әуес болып калатынында. Міне, адамдардың нашақор болуы себептерінің бірі сонда жатыр. Бұл ғаламдық мәселе. Бұл зиянкес талай танымал адамдардың да өмірін жалмаған. Еліктеуіштікпен қабылдамас бұрын немесе өмірдегі қиыншылыққа шыдамастан бұрын жан-жағына бір көз тастаса екен деймін. Себебі, күнделікті тамағын әзер жеткізіп жүрген отбасылар, денсаулығының кінәраттары бар адамдар қаншама. Шүкіршілік етіп, өзінен де мүшкіл адамдарға аз болсын көмегін көрсетуге бейімделсе екен.

Қанша байлығым тасыса да, не өмірде қандай қиыншылықтар кездессе де өз өмірімді мұндай зиянды есірткіден аулақ ұстаймын! Мен салауатты өмір салтын қалаймын. Денсаулығы мықты, өте керемет бақытты елде тұрғым келеді. Халқымды бұл есірткінің жаулап алуынан қорғағым келеді. Мен бұлыңғыр болашақты емес, жарқын болашақты қолдаймын!

Жансая  ТӨЛЕП,

М.Шоқай атындағы №187 ІТ мектеп-лицейі

7 «Б» сынып оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!