Таксимен табыс тауып, курьерлікпен күн көретіндер енді ресми жұмысшы санатына енеді. Яғни, жұмыспен қамтылғандар болып саналады, деп хабарлады «Астана» телеарнасы.Жаңа заң жобасы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі. Такси қызметін көрсетсеңіз, интернет-платформалар немесе мобильді қосымша арқылы ашық табыс тапсаңыз, қоғамдық келісімшарт жасауға міндеттелесіз.Тиісінше, әлеуметтік төлемдер қолжетімді болады. Министрлік жұмыссыздар қатарын осылай азайтуға белді бекем буды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!