Аудан әкімі Асылбек Шаменовтың қатысуымен өткізілген «Қайырымдылық – жүректен» атты акциясынан түскен қаражаттың бір бөлігіне бүгін көмір алынып, мұқтаж жандарға таратылды.

Айта кету керек, қайырымдылық акциясынан 2 млн 305 мың теңге түсті. Бұл қаражатқа 120 отбасыға азық-түлік және қатты отынмен көмек көрсетіледі делінген.

Жыл басынан бері ауданда 65 қайырымдылық акциялары ұйымдастырылып, аудандағы қайырымды жандармен 1325 адамға 28 млн 500 мың теңгеге көмек көрсетілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!