Жамбыл облысындағы жол апаты. Фото: Жамбыл облысы ТЖД

Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» республикалық маңызы бар автожолының ірі жол апаты орын алып, 25 адам зардап шеккен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

31 қаңтарда Жамбыл облысында Жуалы ауданында ауа райының нашарлауына байланысты «Алматы-Ташкент» тасжолында 567 километрінде ірі жол апаты орын алды. Оқиға Тараз қаласынан Түркістан облысына қарай, Нұрлыкент ауылына дейін 2 километрге дейінгі жерде болған.

ТЖД мәліметінше, жеңіл көліктер, жүк көліктері мен жолаушылар автобусы соқтығысқан.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ақпаратынша, жол апаты салдарынан 25 адам, оның ішінде 1 бала зардап шекті. Қазіргі уақытта 4 адам жансақтау бөлімінде, 5 науқас хирургия бөлімінде жатыр. Тағы 15 адам түрлі дене жарақатын алған.

«Оқиға орнында ТЖД-дан жеке құрамның 25 адам және 8 техника, полиция департаментінен 8 адам 4 техника, Апаттар медицинасы орталығынан 2 қызметкер және 1 адам, облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы 8 адам және 4 техника жұмыс істер жатыр», – делінген ТЖД мәліметінде.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!