Фото: ашық дереккөзден

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу қоғамдағы маңызды мәселе. Ашық және транспарентті әкімшілік жүйені құру – жемқорлықтың алдын алудағы негізгі стратегияның бірі. Жұртшылықтың бюджет және шығындар, шешімдер туралы ақпаратпен танысуы құпия келісімдердің алдын алып, билікті асыра пайдалану мүмкіндігін азайтады.

Бүгінде парақорлықты болдырмау, өз құқықтары мен міндеттері туралы білім беру азаматтардың жауапкершілігін арттырады. Жемқорлық фактілері туралы ертерек хабарлауға жол ашады.

Құқық қорғау органдары, соттар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдар парақорлықпен күресіп келеді. Мекемелер тергеу жүргізу және кінәлілерді жауапқа тарту үшін жеткілікті ресурстармен жабдықталған.

Жегі құрттай жемқорлық шекараларды жиі “кесіп өтеді”. Сондықтан онымен күресте халықаралық ынтымақтастық өте маңызды. Тәжірибе алмасу, сондай-ақ тергеудегі трансұлттық бірлік сыбайлас жемқорлықты анықтауға едәуір ықпал етеді.

Бұл – қоғамның әділдігін, тұтастығын және тұрақты дамуын қамтамасыз ету жолындағы маңызды міндет. Транспаренттілік пен ашықтық, халыққа құқықтық білім беру, институттарды нығайту, этикалық стандарттар, халықаралық ынтымақтастық сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және қоғамның дамуы үшін қолайлы жағдай жасауға көмектеседі.

Сергей АЙТБАЕВ,
Қызылорда бөлімшелік көліктегі
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!