Тоқты
Өзгеру идеясы санаңызға терең енеді. Сіздің сыртқы келбетіңіз де өзгеріп, басқалардың назарынан тыс қалмайды. Өзге адамдарға, жұмысқа, жалпы өмірге деген көзқарасыңызды жаңартып, жаңғыртасыз.

Торпақ
Барлық бағытта құлдырауды сезуіңіз мүмкін. Бірақ позицияңызды әрқашан қорғайтын сенімді достарыңыз бар. Үйде сіз жақын адамдардан қолдау күтесіз. Бұл апта қажетті білімді толықтыруға, дене бітімін нығайтуға, ыңғайлы кезең.

Егіздер
Бар тәжірибені қолдана отырып, бұрыннан келе жатқан проблемаларды оңай жеңесіз. Жеңімпаз ретіндегі сәттілік, іскерлік рух сәтті үйлесімін табады. Егер жоспарлаған болсаңыз, басқа жұмысқа ауысу сәтті болады.

Шаян
Жаңа жетістіктерге толы апта болмақ. Табысқа жету үшін табандылық пен төзімділік керек. Ең бастысы, бақытты болашаққа сену қажет. Бұл апта өзін-өзі дамытуға, талантыңызды көрсетуге жақсы мүмкіндіктер ашады.

Арыстан
Бұл апта арыстандар үшін өзгерістерге толы болады. Бірақ ол жайттардың барлығынан пайда күтудің қажеті шамалы. Қызмет саласында қырағылық пен сақтық танытқан дұрыс. Егер өсу болып жатса, керітартпалықтан сақтаныңыз.

Бикеш
Бикештердің жеке өмірде жолы болады. Олар көптен күткен махаббатын кезіктіріп, махаббат бесігінде тербеледі. Десе де, астрология мұндай кезде басыңызды «жоғалтып алмай», жалынды сезімнің өртіне күймей, әрбір қадамды аңдап басуға шақырады.
Таразы
Ізденіп, жақсылыққа ұмтылғандарға керемет марапат бар. Апта басы жаңа бастамалар, шығармашылық жетістіктер мен кәсіби ізденістерге толы болады. Жұлдызшылар таразыларға отбасы, туған-туысты ұмытпау керектігін ескертеді.

Сарышаян
Шығармашылық идеяны ұтымды пайдалану үшін басқаларға көмектесуге дайынсыз. Жоспарларыңызды кең ауқымды деп атауға болады. Бірақ оны іске асыруға әрдайым күш салу керек.

Мерген
Күнделікті тіршілікті түрлендіру керек. Сіз жаңаруға дайынсыз. Бұл даму сәттілік әкеледі. Сонымен қатар жаңа таныс тауып, ортада қалыптастыруға таптырмас кезең.

Тауешкі
Өзгелердің әсерінен өзіңізді жайсыз сезінесіз. Басқалардың пікіріне қайшы келмеу үшін сөзбе-сөз батылдық таныту керек. Бұл апта сынаққа толы. Қиын таңдау тууы ықтимал.

Суқұйғыш
Жағдайды түйсігімен сезу қабілетінің арқасында соңғы оқиғалардың қайталануын болдырмайды. Ол кез келгеннің қолынан келе бермейді. Өзіңізге ықпалы көп адаммен ынтымақтастық құрасыз. Егер біреумен өзара тиімді одақтассаңыз, бизнесте сәттілік күтіледі.

Балықтар
Осы уақытқа дейін маңызды болып көрінген жоспардан бас тартуыңыз мүмкін. Сіз бір нәрсені жеңуге деген ұмтылысты жоғалтасыз, өз жолыңызбен жүресіз. Сонымен қатар кәсіби қызметте маңызды перспектива пайда болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!