Тоқты
Астрологтың айтуы бойынша, барлық апта бірдей сәттілікке толы болмайды, бірақ апта соңына қарай сіз барлық жағынан айтарлықтай жетістікке қол жеткізесіз. Өзгерістерді күтпеңіз. Апта барлық өзекті мәселені шешуге және қаржылық жағдайды нығайтуға көмектеседі.

Торпақ
Апта даулы және қиын бо­ла­ды. Сізге те­пе-теңдік, ымы­ра­шыл­дық іздеп, жақындарға зиян тигіз­беу­ге тырысу ке­рек. Көп нәрсе сіздің адамдармен ортақ тіл табы­суыңызға байланысты. Аптада қар­жылық жағдайды жақсарта ала­сыз, бірақ мұндай уақыт ұзаққа созылмайды. Күтпеген шығындар құл­дырауға әкеледі.

Егіздер
Қиындықтан қо­рық­пай, кез келген мә­се­лені шешуге бел бууы­­­ңызға болады. Жыл бел­гісінің жақсы ниетін пайдаланыңыз, бірақ әркім өзінің еңбегіне қарай ма­рапат­та­ла­тынын ұмытпаңыз. Барлық шы­ғар­машылыққа бе­йім адам­дар, ди­­зай­нерлер мен мемле­кет­­тік қыз­мет­­кердің жұмысы жеміс­ті бо­ла­ды.

Шаян
Апта нәтижелі жұмыс­­пен, сондай-ақ эмо­ционал­ды өр­леу­мен ерекше­ле­неді. Ұзақ уақытқа созылған күйзе­ліс­тен шығып, жағдайды өз қо­лыңызға алатын кез келді. Өмірдің әділетсіздігін айтып, шағымдануды қо­йыңыз, сіз бәріне өзіңіз қол жеткізе аласыз. Өзіңізді дамыту үшін жасаған жұмысыңыздың ізсіз өтпегенін көресіз. Сіздің кәсіби міндеттеріңіз арта түскенімен, жалақыңыз да өседі.

Арыстан
Апта тыныш және тұрақты бола­ды. Бұл уақыт сіздің психологиялық жағ­дайыңызды ретке келтіруге және ұзақмерзімді жоспар құруға көмектеседі. Өмір өз біліміңізді же­тіл­діруге, сондай-ақ жаңа белестерді бағын­дыруға мәж­бүр етеді. Дау-дамайдан жалыққандар үшін бұл кезең жан тыныштығын әкелмек.

Бикеш
Туындаған мәселені шеше ала­сыз және қаржылық жағдайды тұрақтан­ды­расыз. Алайда жеке өмір мәселесінде сәттілік күтпеңіз, бәрі тек сіздің ниетіңіз бен әрекетіңізге бай­ланысты болады. Егер бұрын жүзеге аспай жүрген істе­ріңіз болса, енді бәрі ойдағыдай іске асады. Театр мен кино, кескіндеме, музыка немесе мүсіндеу саласымен бай­ланысты шабыт пен шы­ғармашылық серпіліс бе­реді.

Таразы
Апта шиеленісті. Көбіне әріп­тестердің жасаған ісіне және басшы­лықпен түсінісу қиындықтарына байла­нысты. Егер сіз дағдарыстан шығып, бай­ланыс орната алсаңыз, бәрі тез шешіледі. Апта орта­сына қарай жағдай жақсара бастайды. Тіпті қысқа үзіліс жасап, демала аласыз.

Сарышаян
Сәттілік сіздің серігіңізге айналады. Ас­тролог сізге барлық жаңа істерді бас­тауға, өз-өзіңізді жетілдіруге, үйлесімділікті іздеуге кеңес береді. Жеке өміріңізде қиындықтар туындауы мүмкін, бірақ жағдай қалыпқа түседі. Ең бастысы, үзілді-кесілді қарсы болмай, серіктесіңізді мұқият тыңдауға тырысыңыз.

Мерген
Өмір сүру салтын, жұмысты, қоршаған ортаны, тіпті киім үлгісін түбегейлі өзгерт­кіңіз келеді. Мұның себебі – ұзаққа со­зыл­ған күйзеліс. Бұл – кеудеден бір тас тү­­сіргендей, эмоционалды ауыртпалықтан ары­лу­дың және жеңілдетудің бір түрі. Жеке өміріңіздегі өзгерістер оң болады. Қайғы мен қатты ойға бе­рілуге уақыт болмайды, сондықтан алаңдамаңыз.

Тауешкі
Апта мөлдір әрі шынайы махаббат­қа толы. Еңбекқорлығыңызға байланысты апта сәтті өтеді. Ауылшаруашы­лық және қызмет көрсету саласындағы қызмет­керлер ерекше жетістікке жетеді. Жұмыс ба­бындағы келіссөздер де сәтті болады. Ескі тапсырмаларды орындайтын кез келді. Барлық наза­рыңыз жұмысқа бағытталады.

Суқұйғыш
Апта даулы болады. Алда үлкен күт­пеген шығындар күтіп тұр. Негізгі қиын­дықтар қаржы саласымен байланысты, сондай-ақ жұмыста да қиындықтар туын­дауы мүмкін. Ал жеке өміріңізде жақсы жаңалық болады. Жалғызбастылар өмірлік серігін табады, ұзақ уақыт бойы қарым-қатынаста жүргендер жаңа деңгейге көшуге шешім қабылдайды.

Балық
Арман-мақсатыңыз орын­далады. Соңғы оқиғалар сізге түзетулер ен­гізуге мүмкіндік беріп тұрғанда бола­шақты жоспарлауға қорықпаңыз.
Туыстар мен ғашықтардың арасындағы қарым-қатынас шиеленісуі мүмкін. Мұның себебі – келіспеушілік. Ымыраға келу жолын іздеген дұрыс. Сондай-ақ еңбектенуді ұмытпаңыз. Болашақ пен мансап туралы ойлану керек.