Тоқты
Бұл аптада сезімнің емес, ақылдың жетегіне еруге тырысыңыз. Дүйсенбіде қаржы мәселесіне баса көңіл бөліңіз, тиімді салым жолын қарастырыңыз, финанс жағдайын көтеретін сәтті жобаны табуыңыз мүмкін. Сейсенбі болса іскерлік кездесу, серіктестермен, ықпалды таныстармен алдағы күндерге жоспар құруға сәтті. Ал демалыс күндерін саяхатта, тым болмағанда, табиғат аясында өткізсеңіз сергисіз.

Торпақ
Өзгелердің жүгін мойныңызға алмаңыз, бұл аптада өзіңізге де түсер салмақ аз емес. Сейсенбіде басшылық тарапынан күтпеген тексерістер орын алады, қарамағыңыздағы қызметкерлерге мұқият болыңыз. Өзіңізді жақсы жағынан көрсете алсаңыз, басшылық қызметке деген ынтаңызды жоғары бағалайды. Мүмкіндікті пайдаланып, қаржылай сыйақыға қарсы еместігіңізді сыпайы жеткізе біліңіз. Бейсенбіде жұмыс орныңызда көп іс күтпейді, дегенмен, бұл уақытты босқа өткізбей, шығармашылық не сүйікті ісіңізбен айналысыңыз.

Егіздер
Апта бойында ештеңені өзгетуге тырыспаңыз. Есесіне өткен-кеткенді ой елегінен өткізіп, болашаққа жоспар құруға ыңғайлы уақыт. Сейсенбі күні күтпеген тосын сый келеді. Ол ақшалай болуы да мүмкін. Сәрсенбі жаңа іскерлік кездесулер мен таныстықтар сыйлайды.

Шаян
Бұл апта сіз үшін өте жағымды болады. Қызметтегі келіспеушілік, үйдегі келеңсіздік – бәрі артта қалады. Сондықтан ойыңызды да, бойыңызды да босаңсыта беруге болады.
Ішкі түйсігіңіздің үнін тыңдаңыз. Әсіресе, сәрсенбіде. Қаржылай мәселе туындай қалса, жақын достарыңызға жүгініңіз, бұл аптада ең жақын көмекшілеріңіз солар болмақ.

Арыстан
Қуаныңыз, алдағы аптада сіздің арбаңызды сәттілік сүйрейтін болады. Бірақ сәттіліктің соңынан еріп келем деп еш алаңсыз адымдай бермей, айналаңызды аңдай жүріңіз. Тағдыр сізге көптеген белгілер жібереді, оларды сезіп, ұғыну үшін түйсікке жүгініңіз. Сейсенбіде басшылық маңызды да жауапты тапсырмалардың астында қалдырады. Сізден зор үміт күтеді, сенімін ақтауға барынша күш салыңыз.

Бикеш
Өзіңізге еркіндік пен еркелік құқығын көбірек беріңіз, сонда апта күндері көңілді әрі жарқын өтеді. Әлбетте, қызметтегі міндеттеріңізден құтылып кетуге мүмкіндік жоқ, дегенмен, бұл аптада оларды «ойнап жүріп» оңай орындайсыз. Сәрсенбіде серіктестік турасында қызықты ұсыныс түседі. Қаржылық «қозғалыстар» үшін бейсенбі ең ыңғайлы күн. Сенбі-жексенбіні туыстарға, ал отбасылы бикештер ұл-қызына арнағаны дұрыс.

Таразы
Бұл аптада әбігерге салынбауға тырысыңыз. Ырымшылдығыңызды да кейінге ысырыңыз. Егер не болса соған күйгелектенгенді қойсаңыз, апта сәтті өтеді. Қаржылық мәселелерді шешуде біреуден көмек сұраңыз, туыс не тәжірибелі әріптестің қолдауы қажет-ақ. Бейсенбіде басшылықтың «билікшілдігі» салдарынан қиындықтар туындайды. Сабырлық танытыңыз, билік жүйесін жалғыз бұза алмайсыз.

Сарышаян
Қарқыныңызды бәсеңдетіп, айналаны барлауды үйреніңіз, бұл аптада жылдамдық пен қарқын емес, жинақылық пен тәртіп жоғары бағаланады. Кәсіби жолда өзгерістер күтіп тұр, ол мансап сатысындағы өрлеу не сыйақы мөлшерінің артуы болуы мүмкін. Сейсенбі мен сәрсенбіде қызметтік тексеру келеді. Әрине, сіздің жасырып-жабатын ештеңеңіз жоқ, дегенмен, сақтық артық болмайды. Бейсенбіде бәсекелестеріңіз тым белсенді, алайда олардан сескенбей, керісінше, қарым-қатынас орнатып, ортақ келісімге келуге тырысыңыз. Демалыс күндері айналаңыздағы «картинаны» өзгертіп, табиғат аясына сейілге шықсаңыз, жағымды әсерлер аласыз.

Мерген
Бұл аптада тапқырлық сіздің екінші атыңызға айналады. Дүйсенбіде күрмеуі қиын қызметтік мәселелердің шешімін оңай табасыз. Ал сейсенбіде идеяларыңызды әріптестер мен жаңа серіктестерге жеткізу, түсіндіру, оларды сендіру оңай. Алайда, бейсенбі аздап қиындық тудырады, әсіресе, қаржы саласында. Тиімді әрі қызықтыратын ұсыныстар көптеп түседі. Бұл жақсы, дегенмен, олардың қайсысының сенімді екенін анықтау мен таңдау жасау қиынға соғады.

Тауешкі
Бұл аптада табандылық пен қыңырлық секілді қасиетіңіз көмектесіп, соның арқасында көптен келе жатқан және күрделі мәселелердің шешімін табасыз. Жұлдыздар сізге жұмысқа барынша беріліп кетпей, демалыс пен отбасыңызға да уақыт бөлуге кеңес береді. Сәрсенбіде жақын достарыңыздың бірі сіздің көмегіңізге мұқтаж болады. Ал бейсенбі көп мүмкіндіктер сыйлайтын кездесулер мен таныстықтарға бай. Сенбіде үй шаруасына, тұрмыстық түйкілдерге көбірек көңіл бөліңіз. Ойын-сауыққа жексенбіде де үлгересіз.

Суқұйғыш
«Әріптестеріңізбен ілініспеңіз, басшылықты сынамаңыз» – жұлдызшылардың берер осы кеңесіне құлақ ассаңыз, алдағы аптаны көңілді әрі жағымды өткізесіз. Дүйсенбіде көшбасшы бейнесінде көрініп, кейінгілерге үлгі боласыз. Бірақ дандайсып кетпей, әріптестер пікірі мен кеңесіне де құлақ түріңіз. Сәрсенбіде мейлінше ымырашыл болыңыз, бұл күні іскерлік серіктестеріңіз қыңыр-қисық мінезін көрсетеді. Жексенбілік демалысты отбасыңыздың үлкен-кіші мүшелерімен бірге өткізуге тырысыңыз.

Балықтар
Жаңа әсерлер мен тәжірибелерге ашық болыңыз. Апта жаңашылдық үшін өте жайлы. Дүйсенбіде біліктілікті арттыру курсы күтіп тұр. Ал сәрсенбіде семинар не тренингке қатысуыңыз мүмкін. Қаржы мәселелерін шешуді жұмаға қалдырыңыз. Апта идеяларыңызды жүрезе асыруға сәтті, алайда, тәуекелге бару мен сізге барынша жақсы болып көрінуге тырысқан бейтаныс адамдардан сақ болыңыз. Демалыс күндеріне қайырымдылық шараларын жоспарлаған жөн.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!