ҚазАқпарат – 12 қаңтардан бастап Алматыда барлық маршрут, оның ішінде қала маңы маршруттары да жолға шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдайға байланысты жұмыс кестесі қалалық маршруттар үшін таңғы сағат 08:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін, ал қала маңы маршруттары таңғы сағат 09:00-ден кешкі сағат 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

Жұмыс демалыс күндердің кестесімен жүргізілетіндіктен, жүріс интервалы 30-40 минут.

Бүгін қала көшелеріне 41 бағыт бойынша 500-ден астам автобус шықты.

Мына автобус бағдарлары жолаушы тасымалдап жатыр:

34, 118, 38, 38а, 205, 206, 16, 11, 128, 141, 65, 56, 63, 63а, 77, 79, 92, 2, 12, 55, 32, 5, 5а, 86, 59, 44, 119, 4, 95, 8, 98, 18, 19, 99, 7, 57, 112, 126, 60, 22, 62.

Бүгін қоғамдық көлік 20-30 минутта бір жүреді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!