Фото: Алматы облысының әкімдігі

Бүгін 31 наурызда премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалған Қанат Бозымбаевтың қандай мәселелерге жетекшілік ететінін Берік Уәли айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалған Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев өңірлік саясат, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, төтенше жағдайлар және су ресурстары мәселелеріне жетекшілік етеді», – деп жазды желі парақшасында президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!