Фото: https://www.instagram.com/sadvakasovamadina/
Танымал әнші Мадина Садуақасова Қызылорда қаласынан су жаңа пәтер сатып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматылықтарды дүр сілкіндірген жер сілкінісі кезінде өнер иесі оңтүстік өңірде жүрген.
“Мені Алматыдағы жер сілкінісі шошытты. Балам, ата-анам, туыстарым, әр адамды ойладым. Өзің басқа жақтасың, ал жақындарың Алматыда қалғаны жаман екен. Алла сақтасын. Сол күні қолымнан телефон түспеді. Түркістаннан шығып, Қызылордаға қайта келдім. Қызылордадан үй сатып алдым”, – деп жазды әнші.
Айта кетейік, өнер өкілдерінің дені қаладағы көпқабатты үйлерін тастап, жер үйге көшуді жоспарлап отыр. Алайда бір күнде жер үйдің бағасы өсіп кеткен. Осы орайда продюсер, әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыген жер сілкінісі кезінде жер үйдің бағасын көтеріп жібергендердің іс-әрекетін сынады.
“Кеше шырт ұйқыда жатқанда атып тұрдым, бүгін таңда тағы болды деп жатыр. Мезгілсіз зілзаладан Алла панасына алсын. Көпқабатты үйдегілер жер үйге көшіп жатыр, ал жер үйді жалға берушілер бағасын қымбаттатып та үлгеріпті. Бұл қалай болғаны?! Жанын орамалға түйіп отырған халыққа жығылған үстіне жұдырық болмай ма?! Ел аман жұрт тыныш болсыншы”, – деп жазды актер.
Еске салайық, Ерке Есмахан жер сілкінісінен кейін жер үй сатып алғанын жазған едік.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!