WBA Super/IBF/IBO бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) келесі жекпе-жегін Қазақстанда өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап. 

GGG келесі қарсыласы IBF титулынан үміткер Эскива Фалькао (30-0, 20 КО) болуы мүмкін. Бокс кеші наурыз айында Қазақстанда өтеді деген жоспар бар. 

«Геннадий Головкин Эскива Фалькаомен жекпе-жек өткізуге келісті. Жекпе-жек Қазақстанда өтеді. Әлем чемпионының командасы @DAZNBoxing-пен трансляция жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр», – деп жазды бразиялиялық журналист Уилсон Балдини.

Айта кетcек, жақында WBA мен IBF бірлескен шешім шығарды. Оған сәйкес, осы екі тұжырым бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 KО) өз титулын бразилиялық Эскива Фалькаоға (30-0, 20 KO) қарсы жекпе-жекте қорғауға міндетті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!