2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына дайындық аясында Нидерланды мен Өзбекстан құрамалары жолдастық матч өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тартысты өткен кездесуде Нидерланды құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жетті. Матчта нидерландтықтардың шабуылшысы Коди Гакпо 32 және 98-минуттарда мергендік танытса, Өзбекстан сапынан Игорь Сергеев 90+2-минутта гол соқты.
Айта кетейік, Өзбекстан құрамасы өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды. Фабио Каннаваро жаттықтыратын команда 2026 жылғы әлем чемпионатында K тобында Португалия, Колумбия және Конго Демократиялық Республикасы құрамаларымен бақ сынайды.
Ал Нидерланды құрамасы F тобында Жапония, Швеция және Тунис командаларымен кездеседі. Екі құрама да әлемдік дода қарсаңында дайындықтарын жалғастырып жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
