«Қызылорданың «Қайсар» футбол клубы 23 қаңтардан бастап сатылымға шығарылады, – деп жазды спорт журналисі Ермұхамед Мәулен өзінің Telegram-парақшасында.

«Бастапқы баға – 1,6 млрд теңгені құрайды. Бастапқы жарна 252 млн теңгені қамтиды. Сатып алам деушілер барлық талаптармен электронды сатылымдар сайтында танысып шыға алады», – деп жазылған аталған хабарламада.

«Қайсар» ұжымы осы уақытқа дейін «Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасының» балансында болған.

Айта кетейік, қызылордалық команда өткен маусымды 6-орынмен аяқтаған болатын. 

Ақпарат дереккөзі: massaget.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!