Олимпиада чемпионы қазақстандық ауыр атлет Нижат Рахимов допингке қарсы ережені бұзды деген күдікпен жарыстардан уақытша шеттетілді.

Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің («WADA») өткен күзде жарияланған IWF-ке жүргізілген тергеу туралы есебінің жалғасы ретінде Халықаралық допингті тестілеу агенттігі (ITA) WADA іс материалдарын («Жебе операциясы») алды және оны қарап шыққаннан кейін үлгі алмасуға байланысты екі спортшының допингке қарсы ережені бұзғанын осы кезеңде жариялауға шешім қабылдады.

Думитру Каптари (Румыния) мен Нижат Рахимовқа (Қазақстан) 2016 жылдың ішінде «Несеп анализін ауыс­тырған» (IWF допингке қарсы ережесінің 2.2-бабы) бойынша допингке қарсы ережені бұзғаны үшін айып тағылып отырғандығы туралы хабарланды. Тиісті мәсе­лелер шешілгенше спортшылар жарыстарға қаты­судан уақытша шеттетіледі» делінген Федерация мәлім­демесінде.

Еске салайық, Ұлттық Олимпиадалық комитеті до­пинг­ті қолдануда нөлдік төзімділіктің қатаң саясатын ұстанады және Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) мен Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) «таза» спортшыларды қорғау жөніндегі бастамаларын толық қолдайтынын білдіреді.