Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтед» командасының негізгі құрамынан шеттетілді, деп жазады Vesti.kz.

The Athletic ақпараты бойынша, «МЮ» командасының бас бапкері Эрит тен Хаг 37 жастағы шабуылшыны негізгі құрамның жаттығуынан шеттеткен. Енді ол жекелей дайындалатын болады.

Сонымен қатар Роналду АПЛ 13 турындағы «Челсиге» қарсы кездесуге қатыспайды.

Айта кетейік, кеше португалиялық футболшы «Тоттенхэм» (2:0) командасына қарсы ойын аяқталмай жатып стадионнан кетіп қалды. Ал ойында Роналду алаңға шықпады.

Кейбір дереккөздер шабуылшы ойынның соңында алаңға шығудан бас тартқан екен.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!