Бүгін Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Аймақ жастарының айнасы» атты Республикалық «Ақмешіт жастары» газеті ұжымымен кездесу кеші өтті.
Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика Білім беру бағдарламасының жетекшісі Әсия Алмауытова және оқытушылар Асыл Оразова, Зухра Ермағанбетова мерзімді басылымның қоғамдағы маңызына тоқталып, түлектердің тілшілік тіршілігіне сәттілік тіледі. Ал «журналист» үйірмесінің төрағасы Айнұр Досжанова белсенді студенттердің шығармашылығымен таныстырып, атқарылған жұмыс пен жетістіктер жайында сөз қозғады.
Шара барысында «Ақмешіт жастары» газетінің бас редакторы Айдар Сайлауов басылымдағы жағымды жаңалықтарды атап өтті. Студенттер де журналистикаға қатысты салмақты сұрақ қойып, «Ақмешіт жастары» газеті бас редакторының орынбасары Айдана Жұмадинова мен тілші Замира Қонысжан тәжірибесімен бөлісіп, тұщымды жауап берді. Сондай-ақ газет тілшісі, Республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпазы Аружан Оралбай жиылған жастардың сұрауымен өз шығармашылығынан өлең оқыды. Аягөз Әбдіразақова ұжымға жылы лебізін білдіріп, кітап пен сыйын табыстады. Еркін форматта өткізілген басқосу студенттерге серпіліс берді деген сенімдеміз.

«АЖ» ақпарат

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!