Жеңіс күні – сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Ол бейбітшіліктің және қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын дәлелдейтін, Отанын қорғаған жауынгерлер мен офицерлердің айбынын, Жеңісті жақындатқан тыл еңбеккерлерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.

Сол бір сұрапыл жылдары Қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген перзенттік парыздарын, ұлттық мақтаныштарын дәлелдеді.

Біздің ата-әжелеріміздің ерліктері мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі ұрпағы үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі деп ойлаймын.

Жеңіс күні – абырой мен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік сұм соғыста Жеңіске жеткізді.

9 мамыр – мереке ғана емес, бұл халықтың батырлығы, бұл жанкештілікпен жеңіске жету жолындағы ерен еңбек.

Біздің азаматтық парызымыз – бұл күнді мәңгілік есте сақтау, отанды сүю, елдің, жердің адал перзенті болу.

М. Бисенбаев,
Облыстық әділет департаментінің бөлім басшысы-аға сот орындаушысы
.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!