Фото: facebook.com/kemelbek.oishybayev

“Хабар” телеарнасының бас продюсері Дастан Шымырбай қызметінен кетпек. Бұл туралы ол Азаттық радиосына айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Айта кетейік,  13 наурыз мемлекеттік «Хабар» арнасының «Бірақ…» ток-шоуы ұзақ уақыт күйеуінен зәбір көрген әйелді эфирде шақырып, күйеуіне қоспақ болғаны үшін сынға қалды. Резонанс тудырған бағдарлама ашылмай жатып, бірден жабылды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева желідегі парақшасынасына «Бірақ…» бағдарламасы туралы ресми мәлімдеме жасап, «ток-шоу жабылады» деп мәлімдеді.

Ал 14 наурызда «Хабардың» бас продюсері Дастан Шымырбай Азаттыққа осы шуға байланысты қызметтен кетіп жатқанын, «редакция қателескенін, жауапкершілікті мойнына алатынын» айтты.

«Бағдарламада тиранды әйелімен табыстыру деген ойымыз болмады, тек екі тарапты [хабарға] шақыру деген ойымыз болған. Директор әкімшілік жұмыстармен айналысады, мен эфирден өтетін хабарлардың мазмұнына жауап беремін. Кешегі жағдайдан соң басшылыққа барып, жұмыстан кететінімді айттым. Арыз жаздым. Ешкім мәжбүрлеген жоқ. Қазір жұмыстан кету қағазын толтырып жүрмін», – деді арнаның бас продюсері Азаттыққа берген сұхбатында.

Ал бағдарлама кейіпкері «Хабар» арнасын заң жүзінде жауапқа тартқысы келеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!