Болсын сынақ, болсын мейлі тағы да,

Төземін деп мақсат қойдым алдыма.

Қарамаспын, мән бермеспін ешкімге

Мен күрескер!

Төтеп берер тағдырға!

Жүріп келем адалдықпен келісіп,

Жүріп келем арамдықпен керісіп.

Не қылайын тұнығымды лайлап?

Надандықпен, өтірікпен тең түсіп.

Жолатпасын жамандықты қасыма,

Күтем ылғи жақсылықты асыға!

Тұрады ылғи ақ пен қара алмасып,

Өмір – сынақ,

Құрбым, сен де жасыма!

Нұрай АРЫСБЕКОВА,

Қызылорда қаласы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!