Мәңгілік ел болу біздің ата-бабаларымыздың аңсаған арманы еді. Тәуелсіз ел болып, өзге елдермен терезесі тең дәрежеде иық тіресе тұрсақ деген арман-аңсарын ұрпақтан ұрпаққа қалдырды. Сол мұрат-мақсат ұлт зиялылары, Алаш қайраткерлерінің жанкешті еңбегі арқылы жарқырай көрінді десек қателеспейміз.

Ел бақытына орай, тәуелсіз атандық, еңсе тіктедік. Енді осынау елдікті қайтсек сақтап қаламыз деген сауал уақыт өткен сайын аға буынды ойландыра бастады. Сөйтіп Елбасы – Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың ұсынуымен 2014 жылы «Мәңгілік Ел» идеясы, ұлттық жобасы қолға алынды. Осы жылдан бастап осы идеяның төңірегінде көптеген іс-шаралар жүзеге асырыла бастады.

Мәңгілік ел ол қандай ел? Меніңше, ең алдымен экономикасы дамыған, адамдары жақсы тұратын және келешек ұрпағы білімді болудың қадірін мейлінше жақсы білетін ел деп есептеймін. Өйткені білімді ұрпақ қана елді мұратына жеткізе алады. Тәуелсіз ел – Мәңгілік ел деген ата-бабаның аманатына келер ұрпақ адал болу керек деп есептеймін. Біз, жас ұрпақ, сол үшін де патриот болуымыз керек.

Ағыбай САҚЫП,

№ 2 Абай атындағы мектептің  оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!