Сағынып жүрек жүдейді, аласұрады,

Тағы үміт тапты көңілім таласып әні.

Мендегі ұлы сезімді ұғынуға сен,

Баласың әлі.

Махаббат алау білтесін жақсын өлеңім,

Толассыз ән-жыр арнадым тапшы көлемін.

Жадырап тұрып жанымды жараласаң да,

Жақсы көремін!

Аңғармасаң да сен жайлы арманды мына,

Таң қалам тосын ғашық боп қалғандығыма

Мен сүйіп жүріп алданып қалмасам екен.

Аңғалдығыңа.

Болмағанымен жарқыным бойында мінің

Табалмаым шын қалауын ойыңдағының.

Шынайылық па, жоқ әлде шарасыздық па

Мойында гүлім.

Ешкімнен күткен емеспін ештеңені көп,

Елеусіз қалған сөздерім еш дерегі жоқ.

Кім айтты саған мұндайда нағыз махаббат,

Кеш келеді деп.

***

ҚАДЫР МЫРЗА ӘЛИГЕ АРНАУ

Себеп болғанда, ерек болғанда баршадан бөлек бек тұлғаң,

Өлкең үшін де, төңкерісін де сендік ықпалмен шеп құрған.

Ерен ер неткен, шегелеп кеткен ынтымағында деп тұр маң,

Жақұтты шынар, бақытты шығар тараған ұрпақ текті ұлдан.

Қалпында сынды ә? Жарқын ғасырда шын қиял-ойды тағы да,

Көмескі арманда, сені еске алғанда мұң ұялайды жаныма.

Жыр-ән қамламның, Тұран даламның жаралдың маңдай бағына,

Дүрмек ғұмырда, құрмет тұғырда жайғаспадың-ау тағыңа.

Нақ келбетінде, дәптер бетінде жырларың сынды әпсана,

Ағайыным-ау, жаңа айы мынау оңынан туса бақ сана.

Құзғын тоғанда, біздің қоғамда тап сендей бөлек тапшы аға,

Өрлігін дарып, ерлігіңді алып қоя салғандай жақшаға.

Көңіл сыры еді, өмір сүреді өзіңнің атың мәңгілік,

Мұраң өтеді, Тұран етегі маңғаз даламды таң қылып.

Үңілгені де, бүгінде міне саған арналған сан ғұрып,

Ақындығың да, батырлығың да жүректе тұрса заңдылық,

Жанымызды әлі Қадыр Мырза әлі әлемді жүрер ән қылып.

Бексұлтан САНАҚҰЛ,

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің 4 курс студенті