83 жыл бұрын Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Әбіш Кекілбаев дүниеге келді.

83 жыл бұрын (1939-2015) Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Әбіш КЕКІЛБАЕВ дүниеге келді.

Атырау облысында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) бітірген. Қазақ КСР Мәдениет министрінің орынбасары, Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы, Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитеті бөлімінің меңгерушісі, Қазақ КСР Президенті Аппаратының мәдениет және ұлтаралық қатынастар реферантурасының басшысы, «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 12- және 13-шақырылымының депутаты – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі ұлттық саясат, мәдениет және тілді дамыту комитетінің төрағасы. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі 1-шақырылымының депутаты – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы. 1994-1996 жылдары – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 13-шақырылымының төрағасы, Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік кеңесшісі. 1996-2002 жылдары – Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. 2002-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, «Асар» партиясы парламенттік фракциясының мүшесі. 2007-2010 жылдары – ҚР Парламенті Сенатының депутаты – Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің мүшесі.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев», «Құрмет белгісі», «Отан» ордендерімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған. Абай атындағы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері.