Аларсың бай қазына,

және  қарап қызыға.

Ішінде көп ақпарат,

Уақытынды бөл, жарат.

Зейініңді ашатын,

Білім нәрін шашатын.

Қолыңа алып, үңілсең,

Қарапайым бұл кітап.

Көзіңді алмай оқисың,

Әрбір сөзін тоқисың.

Алтын уақыт таяуы,

Кітаппенен аяулы.

Жас бала да, кәрі де,

Тастамайды бәрі де.

Түрлі кітап сөреде

Таңдап алып көріңдер!

Нұрай АРЫСБЕКОВА,
Қызылорда қаласы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!