Тегін оқуға мүмкіндік беретін электронды кітапханалар бар және олардың артықшылықтары көп. Кітаптың аудио нұсқасын тыңдау, керек цитатаны көшіріп алу, интерфейсті талғамыңызға қарай өзгерту т.б. мүмкіндік бар.

ЛитРес

ЛитРес – ТМД еліндегі ең танымал қосымшаның бірі. Орыс және ағылшын тіліндегі кітаптарды таба аласыз. Кітапхана қорында бір миллионнан астам кітап бар. Электронды кітапхана топтамасынан шетел әдебиетін, детектив, фэнтези, проза, психология және басқа да ондаған жанрды кездестіресіз.

BookMate

Қосымша қазақ, орыс, ағылшын және әлемнің 12 тілінде оқуға мүмкіндік береді. Әлем әдебиеті, мектепке қажетті оқулықтар және атақты жазушылардың шығармаларын табасыз. Бір миллионан астам кітап және 45000-ға жуық аудиокітап бар. Жеті күн бойы қосымшаны тегін пайдалана аласыз. Одан кейін әр күнге 59 теңгеден төлеуге тура келеді.

Kitap

Қазақ тіліндегі кітаптарды оқуға және аудио нұсқасын тыңдауға арналған қосымша. Көркем, ғылыми, әлемдік әдебиеттің 6500-ге жуық түрін кездестіресіз. Kitap қосымшасы тіркелуді қажет етпейді.

Moon+ Reader

Кітапты кез келген форматта қиындықсыз жүктей аласыз. Қосымшадағы әрбір деталь ойластырылған: қаріп, түс, мұқаба сырты. Moon+ Reader қосымшасы тегін. Ал Moon+ Reader Pro қосымшасына айына 1890 теңге төлейсіз.

Wattpad

Wattpad – 10 миллион кітабы бар электронды кітапхана. Қосымшаға тіркелген басқа да пайдаланушымен тілдесе аласыз және пікір қалдыруға болады. Ең көп пікір алған кітап «танымал» бөліміне көтеріледі. Ағылшын, орыс және әлемнің 25 тілінде оқуға мүмкіндік береді.

MyBook

MyBook электронды кітапханасында 200 000-нан астам кітап бар. Бизнес, махаббат романдары, тарих, классикалық әдебиет, фантастика және басқа да жанрдағы кітаптарды кездестіре аласыз. Стандартқа жазылсаңыз, айына 1390, премиум 3590 теңге тұрады.

Comics Time

Комикс кітаптарды орыс тілінде оқуға мүмкіндік беретін алғашқы қосымша. IDW, Dark Horse Comics, Marvel, Image Comics, Bubble сияқты әлемдік компаниялардың кітаптарын оқи аласыз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!