Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлерінің күні. Осыған орай аудан әкімі Мұрат Ергешбаев сала қызметкерлері мен ардагерлерін қабылдап, мерекелерімен құттықтады.

– 2019 жылы Үкімет қаулысына өзгеріс енгізіліп, елімізде дүниежүзілік электр байланысы және ақпараттық қоғам күніне орайластырылған кәсіби мереке – Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күні атап өтіліп келеді. Бұл күн – барлық бағдарламашылардың, ақпараттық технологиялар мен байланыс саласында жұмыс істейтіндердің кәсіби мерекесі, – деген Мұрат Нәлқожаұлы сала қызметкерлерін марапаттады.

Кәсіби мерекеге орай ардагер байланысшы Ордабай Аяпбергенов Қазалы ауданының «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Сондай-ақ, бірқатар сала қызметкерлеріне аудан әкімінің «Алғыс хаты» табысталды.

Өз кезегінде ардагер байланысшы Ордабай Аяпбергенов пен «Қазпоша» АҚ Қазалы аудандық пошта байланыс торабының басшысы Жайлаубай Нұрбаев әріптестерін мерекемен құттықтап, көрсетілген қошемет-құрметке алғыстарын айтты.

Мерекелік басқосу Р.Бағланова атындағы мәдениет орталығы өнерпаздарының әсем әндерімен аяқталып, Байланыс және ақпараттандырусаласының қызметкерлері көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!