«Сыр үміті» жастар қауымдастығы мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ұйымдастыруымен «Студенттер сарайында» поэзия кеші өтті.

Кешке облыстық мәслихат депутаты, қауымдастық төрағасы Мағжан Ералиев, ҚМУ Әлеуметтік және тәрбие жұмыстар проректоры Жандос Базартай және Сырдың бір топ жас ақындары қатысты. Кеште өлеңдер оқылып, күй шертіліп, әндер орындалды.

Кеш барысында «Сыр үміті» жастар қауымдастығының төрағасы Мағжан Ералиев жас ақындарға қуанышты хабар жеткізді. Мағжан Абзалұлының бастамасымен және қолдауымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Сыр бойындағы жас ақындардың өлеңдер жинағы кітап болып жарыққа шығады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!