4 ақпанда Талибан Ауғанстандағы жалғыз «Begum» әйелдер радиостанциясының жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Kabul Now ақпаратынша, Талибан өкілдері компанияның кеңсесіне тінту жүргізіп, барлық техниканы тәркілеп, екі ер қызметкерді ұстады. Кейінірек билік станцияның жұмысын тоқтатқанын растады. Олар мұны радио «хабар тарату саясатын» бұзды және шетелдік телеарнаға мазмұн берді деп түсіндірді.

Тыйым салынғанға дейін станция күн сайын ауған әйелдеріне арналған оқу бағдарламаларын, сондай-ақ денсаулық, психология және руханият туралы сабақтарды таратты. «Begum» өкілдері ешқандай саяси ақпарат таратпағанын, тек ауған қыздарын білім беру мүмкіндіктерімен қамтамасыз еткендерін айтты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!