Танымал актер Алмат Сақатов Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында «Қазақстанда орташа айлық жалақы 286 мың теңге» деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.

«Ассалаумағалейкүм. Қалдарыңыз қалай? Аман-есенсіздер ме? Жақында бір министрдің Қазақстандағы орташа жалақы 286 мың теңге деп айтқанын естідім. Бұндай цифрды қайдан аласыздар? Қашан бізге әділетті бөліп бересіздер? Расында еден жуушылардың, күзетшілердің, қарапайым азаматтардың айлығын қашан көтересіздер? Баяғыда ағайынды екі жігіт ақсақалдың алдына келіпті. Сонда бірі «әкеміз үлкен жер қалдырып кетті. Соны бірнеше жылдан бері қырылысып бөлісе алмай жүрміз» депті. Сонда ақсақал біріне «Сен жерді өзің қалағандай екіге бөл» депті. Ал екіншісіне «сен бөлінген жерден таңдағанынды ал» депті. Қашан бізде әділеттілік болады?», – деді Алмат Сақатов.