Комиссия мүшелерінің айтуынша, шілдеде мәмілені бұзу және объектіні мемлекетке қайтару мақсатында талап қою енгізілді.

Бас прокуратурада активтерді қайтару жөніндегі комиссияның жұмыс тобының отырысы өтті. Онда Алматыдағы ірі көтерме базарды мемлекетке қайтару жоспарланғаны айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Алматыда ірі көтерме сауда базарындағы («Барыс–4») олигополиялардың бірінің үлесінің құны 5 есе төмен бағамен (нарық бойынша – 1.5 млрд, 307 млн теңгеге сатылды) өткізілгені анықталды».
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Комиссия мүшелерінің айтуынша, шілдеде мәмілені бұзу және объектіні мемлекетке қайтару мақсатында талап қою енгізілді.

Сондай-ақ 2019 жылы «Салтанат үйі» ЖШС-ның атына 601 млн теңге мөлшерінде төмендетілген құны бойынша объектінің өткізілгені анықталды, ал объектінің нарықтық құны 3 млрд теңгеге бағаланады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!