Қызылорда облысы әкімдігінің хабарлауынша, қазіргі таңда теңіздегі су деңгейі 48 сантимертге дейін көтерілді.

Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Зейнулла Қазтоғанов хабарлағандай, осы уақытқа дейін Солтүстік Арал теңізіне жиналған су көлемі 27,0 млрд текше метрден, 18,5 млрд текше метрге азайып, су деңгейі 40,42 мБЖ (метр Балтық жүйесімен) дейін төмендеген. 

Былтыр қазан айынан бастап бүгінге дейін теңіздегі су деңгейі 40,90 мБЖ, немесе 48 сантимертге дейін көтеріліп, жиналған су көлемі 19,7 млрд текше метрге ұлғайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!