Белгілі әнші Жазира Байырбекова қыз-келіншектерді мерекесімен құттықтап, анасы жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында анасына жазба арнады.

“Мамам ұрысады, мамам өлтіреді, мамам рұқсат етпейді” деп анасынан қорқып жүретін құрбыларыма қарап “менің де анам қатал болса ғой” деп қызығатынмын. Күйеу балаларының бетіне қарап сөйлеген емес. Біздің үйге келсе Жанболаттан ұялып, тартынып жүретін. Жақында Қазбектен: “Сенде “мамам қаталдау болғанда ғой” деген ой бола ма?” деп сұрағанда ол: “жоқ” деп жымиды. Аналар мерекесі құтты болсын! Қандай болса да аналардың орны биікте”, – деп жазды әнші. 

Жел қолданушылары да нәзік жандарды мейрамымен құттықтап, өз ойларымен бөлісті.

“Біз анамыздане қорықпады, әкемізге еркеледік. Бірақ қабағынан қорқатынбыз, мысы басатын”, “Менің де анам ешқашан ұрысқан емес”, “Мен де сіз сияқты ойлайтынмын”, “Мереке құтты болсын”, – жазба астына пікір қалдырды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!