Ақ халатты жастар мәйітханадағы мүрделермен ойнап, видеосын әлеуметтік желіге жүктеген. Кадрлардан студенттердің мәйіттің қолынан ұстап тұрғаны көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желідегі жазба көпшіліктің қызу талқысына түсті. Онда парақша иесі мәйіттердің дене мүшесін де жеке-жеке көрсеткен. Желі қолданушылары видео авторының Алматыдағы танымал медициналық университетте оқитынын жазған. 

Қазір жоғарғы оқу орны жазба иесін тауып, мән-жайды анықтауға көшкен. Ал психолог мұндай қадамға барғандардың ауытқуы бар деп есептейді. 

«Біріншіден бұл жерде отбасылық тәрбиеге байланысты. Мәйітпен ойнаған адам ол – тасжүрек. Жүрегінде иманы жоқ. Ойының бәрі хайп, тик-ток.  Психологиясының ауытқуы бар адам. Tik-Tok-қа заң енгізу керек қой. Осындай қорқынышты мәйітті, осындай суға секіруге болмайды деген заңды қағидаларды қойса, жастар оған дейін бармайды», – деді психолог Айгүл Қараманова. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!