Әнуар Жанғозин «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.

«Бүгін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Қамқоршылық кеңесінің шешімімен Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалдым. Бұл ұйымда 15 жыл бұрын еңбек жолымды бастап, бірегей тәжірибе алу мүмкіндігіне ие болдым. Алған білімімді кейін түрлі мекемелерде қызмет атқару барысында қолдандым. Енді Зияткерлік мектептерді одан әрі дамытуға бағытталған жұмысқа кірісіп отырмын» деп жазды Жанғозин.

Сондай-ақ, Басқарма төрағасы Қамқоршылық кеңес мүшелеріне және білім саласындағы ұстазы Күляш Ноғатайқызы Шәмшидиноваға осындай үлкен сенім білдірген үшін шынайы алғыс білдіретінін айтты.

«Әдеттегідей, атқарылып жатқан жұмыс нәтижелерімен және басқа да маңызды ақпаратпен өз парақшамда үнемі хабарлап отыруға тырысамын», – деді ол.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!