ҚР ІІМ Ш.Қабылдбаев атындағы Қостанай академиясының жедел-іздестіру қызметі кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры Мұрат Аманат және Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД №60 мекемесі кадр саясаты бөлімінің инспекторы әділет лейтенанты  Баймурзаева Айгерім қаламыздың бірқатар мектептердің 2022-2023 оқу жылының 11 – сынып түлектері арасында кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, Абылай хан атындағы №140 мектебі, Б.Момынбаев атындағы №278 IT мектеп-лицейі, А.Муслимов атындағы №101 мектеп-лицейінің түлектеріне академия жайлы, академияға түсу, құжат тапсыру жолдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында академияға оқуға қабылдау шарттары жайында түсіндіріліп, бейне таныстырылымдарды ұсынып, арнайы бүктемелер таратылды. Сонымен қатар, оқушалардың көкейтесті сауалдарына жауап беріп, академияда оқудың қыр-сырымен бөлісіп, түлектердің қызығушылығын арттырды. Мұндай іс-шаралар мұнымен тоқтап қалмай, алдағы уақытта өз жалғасын табады.

 Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!