Қостанай облысында тұрғындар «қара жұманы» өткізуге қарсы шықты. Биыл жаппай жеңілдіктер жасалатын «қара жұма» 24 қарашаға түседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тұрғындар дәл осындай өтінішпен былтыр да әкімдікке жүгінген еді. Олар жаппай сатылымды «Құдайға қарсы шығу» деп атады. Бұл кезде кәсіпкерлермен түсіндірме жұмысын жүргізсе де, іс әрі қарай өрбімеді. 

«Жаппай сатылым кезінде күзетшілер мен сатушылар есікті ашып, қауіпсіз орынға тығылып қалады. Себебі бір күн бұрын келген адамдар ішкі талпынып, тауарларға алуға тырысады. Әрі жанжал болып, арты төбелеске ұласуы мүмкін. Шұжық, косметика, теледидар мен смартфон үшін бір-бірін өлтіруге әзір. Адамдар мүмкіндікті жіберіп алғысы келмейді», – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ олар «қара жұма» мен «Kaspi жұма» өскелең ұрпаққа кері әсер етеді. Сондай-ақ мұсылмандардың сенімін аяқ асты етіп, Қасиетті жұмаға кір келтіреді. 

«Мемлекет басшысы ретінде сізден Қазақстан аумағындағы барлық саду аүйлерінде, интернет-дүкендерде «қара жұмаға» тыйым салуды сұраймыз. Сонымен қатар жарнама мақсатында «Жұма» сөзін қолданбауды талап етеміз», – деп қосты үндеу авторлары. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!