Қызылорда қаласының шет аймағындағы елді мекендерді аяқ сумен қамту жақсара түсті.

Қызылорда қаласы Сырдария өзені мен Оңжаға магистралдық каналы бойында орналасқан. Соған қарамастан облыс орталығын аяқ сумен қамту көрсеткіші төмен. Небәрі 30-35 пайызды ғана құрайды. Облыс орталығында ұзындығы 54,6 шақырымды құрайтын арық жүйесі бар. «Қызылорда қаласын аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында Жібек жолы және Қызылжарма каналдарын күтіп ұстауға назар аударылуда.

Алдағы уақытта «Қызылжарма» каналы арқылы қаланың КБИ, Коммунизм, Шанхай, Гагарин бөлігіндегі 40 мыңға жуық адам аяқ сумен қамтамасыз етіледі. Оған қоса аталған қажеттілікпен Қызылжарма ауылдық округіндегі 8 мыңға жуық адам қамтамасыз етіледі», – деп облыс әкімдігіненен.

Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауынан 2 техникалық су жинау ұңғымасын бұрғыланды. Бұл қаладағы көгалдандырылған аумақтар мен талдарды заманауи әдіс-тәсілді пайдалануға жол ашады. Сондай-ақ, көпқабатты үйлер ауласын аяқ сумен қамту арқылы гүлзарлар мен талдарға тамшылатып және жүйектеп суаруға мүмкіндік береді. Айта кетейік, дәл осы секілді су жинау ұңғымасы бұған дейін де қала аумағында қолданылып, оң нәтижесін көрсеткен.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!