Шығыс Қазақстан облысында 3 мыңнан астам адамды кене шақты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша сәуір айынан бері эндемиялық аумақтарда 3102 адамды кене шақты. Ең көп кенеден зардап шеккендер – Өскемен тұрғындары (1461). Одан кейін Риддер қаласы (629) мен Алтай ауданының (387) халқы тұр. Ал Зайсан, Самар және Ұлан аудандарында кенелердің белсенділігі ең төмен. «Кене энцефалитіне шалдыққан 4 адам тіркелді. Үш жағдай Өскемен қаласында, біреуі Катонқарағай ауданында болып отыр. Науқастар кене шаққаннан кейін медициналық көмекке жүгінбегендіктен оларға кенеге қарсы иммуноглобулин салынған жоқ», – делінген ақпаратта


 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!