Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде жел, тұман және найзағай болады деген болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астанада найзағай соғып, бұршақ жауып, жел болады деп күтіліп отыр.
Өскеменде екпіні 15-20 м/с жел соғады деп болжанып отыр.
Шығыс Қазақстан облысында қатты жел мен 1 градус аяз күтіледі.
Шымкент, Түркістан қалаларында жәнеТүркістан облысында шаңды дауыл, жел және жоғары өрт қаупі болжанып отыр.
Семей қаласында, Алматы, Жетісу, Маңғыстау және Абай облыстарында 15-20 м/с екпінмен найзағай мен қатты жел күтіледі.
Қарағанды, Орал қалаларында, Атырау, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында қатты жаңбыр, бұршақ, жел және найзағай болады деп болжанып отыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!