Мәнсіз мәтін құрап, сазын келтірген әндер замандастар үшін хитке айналды. Қазіргі кезде «Сазгер – Ақын – Орындаушы» дейтін шығармашылық үштіктің байланысы бір-бірінен алшақтап барады. Соның салдарынан әннен мән, сөзден сән кете бастады. Бұлай сөз қозғауымызға Qanay-дың “Ол қыз” әні түрткі болды. Вконтакте желісінде ТОП ондыққа енген ән Youtubе-та 6 млн-нан аса қаралым жинаған. Трендке айналған әннің мәтінін оқырман назарына ұсынсақ, мәні жоқ әннен теріс айналуыңыз бек мүмкін. Расында сазы сайрап, құлаққа жағымды естілгенімен мәтінде мән болмай тұр. Сонымен Qanay-дың “Ол қызына” арналған мәтіні мынадай.

Кетті, лақты ол тыңдамайды неге?

Бидің үстіне би сұрайд неге?

Ол қыз, ол қыз.

Кетті лақты ол тыңдамай неге?

Бидің үстіне би сұрайд неге?

Ол қыз, ол қыз.

Әкесі білсе оның құлағынан бұрайды,

Шешесі біліп қалып, қаншық деп сабалайды.

Кетемін үйден сендер түсінбейсіңдер мені,

Деп өзінікін қуып шәйіп ол айқайлайды.

Ту деген сөзі у,

Ішіп алып қу,

Енді сол баланы ту.

Кетті лақты ол тыңдамай неге?

Бидің үстіне би сұрайд неге?

Ол қыз, ол қыз.

Кетті лақты ол тыңдамай неге?

Бидің үстіне би сұрайд неге?

Ол қыз, ол қыз.

Жылайтын кино көріп, өкіріп бір жылайды,

Мазасы кетіп, оның түнімен ұйықтамайды.

Өтірік жігіттері телефон шалған кезде,

Анашым шығармайд деп өтірікті алдайды.

Кетті лақты ол тыңдамай неге?

Бидің үстіне би сұрайд неге?

Ол қыз, ол қыз.

Кетті лақты ол тыңдамай неге?

Бидің үстіне би сұрайд неге?

Ол қыз, ол қыз,

Кетті лақты ол тыңдамай.

Ұзын сөздің қысқасы, бүгінгі қазақ ән өнері еріккен біреулердің ермегіне, енді біреулердің күнкөрісіне, тіпті баю тәсіліне айналып, ең бері дегенде теледидарға шығып танымал атануына ғана септігін тигізетін, ұстағанның қолындағы, тістегеннің аузындағысына айналды.

Ерасыл ШӘРІБЕК

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!