Бүгінгі Президент Жолдауын ұжымдастарыммен бірге бір деммен тамашаладым. Еліміз үшін тарихи шешімдер қабылданған күн болды. Ең бастысы қарапайым халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, экономикалық көрсеткішті дамыту бағытында біршама бастама айтылды.
Әсіресе, Ұлттық қордан балаларға үлес аудару жүзеге асатыны, Сыр өңірі үшін өзекті тақырып – су тапшылығын жоюға қатысты қадамдар көңілден шықты.
Қазақстан үлкен өзгерістердің алдында тұр. Уақыт өткен сайын демократиялық қоғам құрылып, адам құқықтарының қорғалуына баса назар аударылып келеді. Президент Жолдауындағы міндеттер толық орындалса, өзгеріске бет бұрарымыз анық.

Ұлықбек БЕКҰЗАҚҰЛЫ,

«Қалалық мәдениет үйлері, клубтар және халықтық ұжымдар» МКҚК көркемдік жетекшісі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!